Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде әйел- қыздарға ауызашар өткізілді. Берекелі отырыс Құран хатым дұғасымен басталды. Ауызашар барысында сүннет амалдарды еске түсіру мақсатында сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды. «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Карина ұстаз "Хұжырат" сүресінің тәпсірі жайлы уағыз, Әл- Машани мешітінің ұстаздары Бақытгүл Айтқалиқызы "Отырыс әдебі", Гүлжазира Ақназарова " Ислам дініндегі ілімнің маңыздылығы" тақырып аясында уағыз-насихат айтты.
ihsan.kz
Пікірлер