«Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес»,-дейді халық арасында. Қазақтың әр жігітіне өнер, білім артық болмаған. Қарағанды облысына қарасты «Үштөбе» мешітінің ұйымдастыруымен «Ихсан ілімін» насихаттау мақсатында «Рамазан сұлтаны 2021» атты байқау болып өтті. Қасиетті сайыс барысында қатысушылар 10 дұға, 10 аят, 10 хадис, Бұқар жырау бабамыздың «Он бір тілек» жырын жаттап, сондай-ақ, 10 қайырымдылық шарасын жүзеге асыру бөлімдері бойынша бақ сынасты. Жарыс нәтижесі бойынша бас жүлде Тайтелиев Шоқан Уалиханұлына (Шипажайға жолдама), 1-орын Айтуарұлы Асылбекке (50 000 тг), 2-орын Берікбай есімді азаматқа (30 000 тг) және кезекті 3-орын Дидар Қамиевке бұйырды (20 000 тг). Сонымен қатар, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлына «Кішіпейіл имам» номинациясы табысталды. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде салатанатты түрде өтіп, облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қатысушыларды Өзінің арнайы алғыс хатымен марапаттады. Жарысқа қатысушыларға сыйлықтар табысталып, бата берілді.
ihsan.kz
Пікірлер