Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Бұқар жырау ауданында зират маңына тазалық жұмыстары жүргізілді
31 мамыр, 2021 жыл 414 Басып шығару нұсқасы

Тазалық діннің жартысы делінген. Тек тұрған жерлерімізде ғана емес, әруақтарымыздың жатқан жерлерін де естен шығармағанымыз жөн. Ежелден келе жатқан дәстүрге сай үлкенді сыйлап, кішіге ізет, өткенге құрмет көрсетіп келген халықпыз. Міне, осыған байланысты ҚМДБ-ның тапсырмасына сай, жыл сайынғы үрдіс бойынша Бұқар жырау ауданында кеше пәни дүниеден бақи дүниеге өткен мұсылмандарды еске алып, мазарларды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары тазалық жұмысына белсене түрде қатысып, зират алаңын қураған шөптен, құрылыс қалдықтарынан, басқада түрлі қоқыстан тазалады.

Пайғамбарымыз (с.а.у): «Қабірге зиарат етудің екі пайдасы бар. Біреуі өткен адамға жеңілдік болады десе, екіншісі біздерге өлімді еске салады»,-  деген.

Зират басын тазалағаннан кейін дүниеден өткен ата-бабаларымызға, апа-әжелерімізге Құран бағыштап, дұға жасады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары