Имам Табараниден жеткен хадисте: «Садақа ретінде берілген бір үзім нан Алла Тағаланың алдында Ухуд тауындай үлкейеді» - деп айтылғандай садақа, қайырымдылық мәселесі дінімізде ойып тұрып орын алады. Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затқа – садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілседе ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. Осы орайда Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай аудандық аудандық мешітінің ұйымдастыруымен аз қамтылған,көп балалы 10 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.
Берілген азық-түлік тізімі:
2 кг Рожки
2 кг Сұлтан спагетти
1 кг Қант
2,5 кг Карточка
1 литр сұйық май
1 қорап шай Пиала
2 дана Капуста
3 кг Сәбіз
3 кг Пияз
3 кг Күріш
1 дана тұз таратылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер