1-маусым балаларды қорғау күні Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде аталып өтті. Аталмыш мешітте Алла Тағаланың Қасиетті Құран Кәрімін жаттап, түрлі дәрістер бойынша сабаққа қатысып жүрген шәкірттер саны жетерлік. Жас шәкірттер бүгінде өз білім деңгейлерін сынап, мешіт тарапынан ұйымдастырылатын түрлі білім сайыстарына да қатысып үлгерген. Бүгін, яғни халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлының бастамасымен ұстаздар қауымының ат салысуымен бүлдіршіндерге мерекелік шара ұйымдастырылды. Шәкірттерге түрлі сыйлықтар мен тәттілер табысталып, көтеріңкі көңіл күй сыйланатын мерекелік бағдарлама жүзеге асты. Шара соңында мешіт ұстаздары тәлім алып жүрген жас білім ізденушілерге ізгі тілектерін білдіріп, бата берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер