Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұжымы жергілікті «1- Қарағанды» тереарнасының ұжымын айтулы мерекемен арнайы құттықтап, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау хатын жеткізіп, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының алғыс хатын табыстады. Құттықтау барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы осы кәсіби мерекенің жеке аталып өтілуі өте маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, облыстағы қаншама байыпты бастамаларды халыққа құлағдар етіп, жақсы істердің жаршысына айналған «1- Қарағанды» тереарнасының ұжымының еңбектеріне ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер