Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қоңырат мөлтек аудандық мешітіне имам тағайындалды
12 шілде, 2021 жыл 682 Басып шығару нұсқасы

 

     ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбайқажы Тағанұлының бұйрығымен Қарағанды облысы, Балқаш қаласы Қоңырат мөлтек ауданына имам тағайындалды. Мүфтидің бұйрығын  Балқаш қалалық мешітінің найб имамы ,имамның міндетін атқарушы Айтқазин Рауан жамағатқа таныстыра келе жаңадан тағайындалып жатқан Түменбай Дархан баурымызға  жұмысына сәттілік тіледі.

Түменбай Дархан.

06.01.1995 жылы Қарағанды облысы ,Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Дархан орта мектепті біітірген соң, діни алғашқы мағлұматты Балқаш қалалық мешітінің имамдарынан алып, 2017 жылы Алматы қаласында  Нұр Мүбарак Ислам мәдениеті университетіне түсіп, 01.07.2021 жылы  бітірді.

Алланың ақ жолында бастап  жатқан  алғашқы  қызметтік жолына сәт-сапар мен толағай табыстар, асқақ  абырой тілейміз. Алла баурымызға күш-қуат пен сабырлық беріп, ислам дініміздің қарыштап қанат жаюына зор үлес қосатынына сенеміз.

 Сапарың оң болсын, бауырым!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары