Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында салынған жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, әсем мешіт халық игілігіне берілді. Имандылық пен ізігілікке шақыратын Алла үйінің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы, Нұр-Отан партиясының мүшесі Нурбеков Аманжол ағамыз, Қарқаралы ауданының имамы Митератбек Құбылайханов,ауыл ақсақалы Ахметов Рымбек, Қоянды ауылының құрметті азаматы Қалтаев Нурлан ағамыз қатысты. Салтанатты шарада облыс бас имамы жиналған бұқара халықты мешіттің ашылуымен құттықтап, мешіт салудың сауабы мен имандылық иірімдері турасында насихат айтты. Құрметті қонақтар да кезегімен сөз алып, өңіріміздегі рухани жетістіктерге ризашылығын білдіріп, игі тілектерін жеткізді. Тарихи күнде қайырымдылық шарасы да жүзеге асып, Қоянды ауылындағы жетім балаларға сыйлықтар үлестірілді. Мешіттер адамзатты ізгілік пен рухани тұтастыққа бағыттайтын орын. Тұғырлы тәуелсіздік пен тұрақтылық арқасында елімізде мешіттер саны артып келеді. Қасиетті Қарқаралы елінде жаңадан ашылған мешіт екі дүние сардары «Мұхаммед пайғамбар» мешіті деп аталатын болды.
Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер