Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай аудандық мешітінің имамы Рысбай Асыл Көкешұлының бастамасымен өткен "Білімді имам" атты семинар өз мәресіне жетті. Ақтоғай ауданына қарасты имамдар аудандық мешітте жатып тәлім алды. Екі апта уақыт аралығына жалғасқан семинарда имамдар «Ақида», «Фиқһ» пәндерінен дәріс алып, Құран жаттады.
Алған білімдерінің деңгейіне қарай балмен есептеліп «Ақида» 25 сағат, «Фиқһ» 30 сағат, Құраннан 50 сағат дәріс тыңдағандығын растайтын сертификат табысталды.
Алла Тағала имамдардың білімдерін,тақуалығын арттырып, дін жолында қызмет қылуға «қуат» берсін.
ihsan.kz
Пікірлер