ҚМДБ –ның Қарағанды облысына қарасты Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы ауданға қарасты ауыл имамдарымен жиналыс өткізді. Жиын барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының арнайы Құрбан айтқа байланысты берген тапсырмалары талқыланып, алда келе жатқан әлем мұсылмандары ардақтаған мерекеге байланысты жобалар жоспарланды. Мамандардың дайындығы пысықталып, аудан имамы дін қызметкерлеріне айтулы мерекені жоғары деңгейде атқарып шығуға сәттілік тіледі.
ihsan.kz
Пікірлер