Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы әкімшілігінде дін қызметкерлеріне арналған жиын өтті. Келелі кездесуді «Ішкі саясат және мәдениет бөлімінің» басшысы Қ.Т.Әшкеев өткізіп, бүгінгі таңда елдің тыныштығы мен тұрақылығы үшіни аянбай қызмет етіп жүрген имамдарға өзінің алғысын білдіріп, алдағы қызметтеріне табыс тіледі. Сондай-ақ, жиын барысында аймақтың діни ахуалы талқыланып, бірнеше мәселел қозғалды. Алдағы қызмет барысында ел игілігі үшін бірлесіп еңбек етуге шақырып, аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлына көптеген игі істің ұйытқысы болып жүргені үшін ерекше ризашылығын білдірді. Өз кезегінде аудан имамы Аманбол Рымқұлұлы да айрықша алғысын білдіріп, алдағы асыл дін үшін абыройлы қызметке сәттілік тіледі.
ihsan.kz
Пікірлер