Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деген.
ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Балақажы» мешітінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа оқудан жарыс өтті.
Жарыста қатысушылардың Құранды жатқа айтуы, тәжуидпен (қағидаларымен) көркем оқуына баса мән берілді. Сайыс барлық карантиндік талаптарға сай өтті.
Байқау барысында әділқазылар алқасы сайысқа қатысушы шәкірттерге Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.
Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.
Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде:
І-орын - Қосылбеков Нұрхан (50 мың теңге)
ІІ-орын - Өміртаев Төребай (30 мың теңге)
ІІІ-орын – Амангелді Алан (20 мың теңге)
Жүлделі орындарға йе болғандарға да, барлық қатысушыларға да естеліккке сыйлдықтар үлестірілді. Алла Тағала қасиетті Құранды кітап күйінде ғана емес адамдар арқылы, осындай қариларымыз арқылы сақтап отырады. Сондықтан, бәйгені ұйымдастыру да Алла жолындағы мәртебелі қызмет.
ihsan.kz
Пікірлер