Қарағанды облысына қарасты, Абай ауданы «Көксу» елді-мекенінде орналасқан 159-9 әйелдер колониясында жазасын өтеушілермен арнайы дәріс болып өтті. Кезекті дәрісте «Ақниет» қоғамдық қорының теологы, «Әнет баба» мешітінің ұстазы, «Әйел-қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бакирова Арай Серғалиқызы арнайы уағыз-насихат айтты. Сондай -ақ, дәріске қатысушылардың тарапынан туындаған бірнеше сұраққа жауап берді. Айта кетейік, жыл басынан бері, айына 4 мәрте тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан дәріске қатысушылар осы уақытқа дейін 32 мәрте қатысуда
ihsan.kz
Пікірлер