Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласы «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шара барысында 30-ға жуық әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты аналардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтары бар сөмкелер үлестірілді.Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясына атсалысқан қолы ашық, жомарт жандарға ризашылығын білдірді.
Пікірлер