Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ЖЕЗҚАЗҒАН:«ИХСАН-РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ(ФОТО)
09 қазан, 2021 жыл 469 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қаласы «Сәкен Сейфуллин»  кітапханасында «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан бұл еңбек халқымыздың жүрегіне жақын рухани ілімді кеңінен насихаттау мақсытында жинақтап жазылды.

 Іс-шараға ҚМДБ-ның Қарағанды обылысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Қарағанды обылыстық «Әнет Баба» мешітінің ұстазы Әділмұрат Нұрбол, Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің  имамы Акпаров Қондыбай және Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің имамы Омар Нұрперзент қатысты.

Шара барысында облыс бас имамы  «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының оқырман үшін пайдасының орасан әрі рухани өмір үшін таптырмас құнды кітап екенін жеткізді.  Құрметті қонақтар да құнды еңбектің жарық көруімен құттықтап, Діни басқарманың игі бастамаларына жылы лебіз білдірді. Айта кетейік, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабында «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген. Жинақтың алғашқы тиражы 5000 данамен басылып шыққан. Айта кетейік, көпшілікті діни әдебиеттермен қамтамасыз ету мақсатында жұмысын бастаған «Муфтият» басылымы биыл 20-ға жуық кітаптың тұсауын кесуді жоспарлап отыр.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары