Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ СӘТПАЕВ МЕШІТТЕРІН БАҚЫЛАДЫ
10 қазан, 2021 жыл 490 Басып шығару нұсқасы

Дін халқымыздың басты құндылығы және ел дәулетінің алтын діңгегі.  Бүгінде облысымыздың әр түкпіріндегі мешіттер  асыл дініміздің өркендеп, ел іргесінде кеңінен құлаш жайып өркендеуі үшін өзіндің үлесін қосу үстінде. Осы ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» және «Сәдуақас Ошақұлы» мешітіне ат басын бұрды. Аймақ имамы Акпаров Қондыбай имам  облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен «Әнет баба» мешітінің ұстазы Нұрбол Әділмұратқа мешіттердің тыныс-тіршілігі мен  дін қызметкерлерінің жұмыс барысын пысықтап, таныстырды. Сондай-ақ, мешіттердің жөндеу жұмыстары, асханасы мен мәйітханасын аралап, Алла үйінің бүгінгі қызмет барысынан хабар берді. Абдулла ибн Масғұдтан(Оған Алла разы болсын)  жеткен риуаятта Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Адал жолмен кәсіп іздену парыздан кейінгі парыз», – деген. Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, мешіттердің ұтымды істерінің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына  арнайы іс сапармен келіп, бағасын берген  облыс бас имамы алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік  тілеп қайтты.

Жаратқан Ие дінміз бен діліміздің тұғырын қашан да биік еткей! Әумин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары