Қарағанды қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен «18-қазан Рухани келісім күніне» орай дәстүрлі жиын өтті. Шараға Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Бикенов, ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы және аймақтың дін өкілдері мен сарапшы мамандар қатысы. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мен сарапшылар қоғамды ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, тұрақтылық пен келісімді сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған ұтымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды.
Азаматтарды ортақ рухани-адамгершілік құндылықтарға топтастырып, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық, толеранттық, рухани келісім идеяларын насихаттауға бағытталған конференция алаңында тұшымды пікірлер айтылып, маңызды мәселелер көтерілді. Қатысушылар дәстүрлі жиында келесі жылы да басқосуға уағдаласып тарқасты.
Пікірлер