ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Форум өткізді.
Салтанатты шарада департамент басшысы Д.В. Шакенов құттықтау сөз сөйледі. Департамент басшысы Өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінің маңыздылығын тілге тиек етіп, оны жоюға бағытталған жобалар туралы ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ағымдағы жыл бойы қоғам игілігі үшін тынымсыз жұмыс істеген серіктестерге зор алғысын білдірді. Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға қоқсан үлесі үшін ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы Департамент басшысының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Осындай мадақтама аталмыш бағыт бойынша жыл бойы қызмет еткен тағы қырыққа жуық азаматқа тарту етілді. Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концерттік қойылымымен аяқталды.
Пікірлер