Тілдік нұсқа
Радио

Фото

АБАЙ АУДАНЫ ИМАМЫ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
21 желтоқсан, 2021 жыл 404 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы «Жұмабек» ауылында салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.  ҚМДБ-ның талаптарына сай салттық қызмет көрсететін “Қамқор шарапат” бағыты бойынша мешіт жанынан салынып жатқан мәйітхана жұмыстарын қадағалады.  Мешіт халыққа қолайлы болуы үшін әйелдер мен ерлерге арналған дәретханалардың қолайлы болуын тапсырды. Мешіттің әсем де көрікті болуымен қоса халыққа қолайлы болуына көңіл бөлу керектігін жеткізді. Мешіт көпшілік орны болғандықтан мүгедек жандар үшін пандус орнатуды тапсырды.

Сәулетті мешітке арнап жүргізіліп жатқан жұмыстардың бүгінгі ахуалымен танысып, құрылыс жұмыстарына жауапты мамандармен сұхбаттасты. Халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына, ынтымақ пен тұтастыққа баулитын ғибадат үйлерінің негізгі қызметтері турасында насихат айтты.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары