Арнайы жасақталған тізімі бойынша мұқтаж отбасыларға көмек көрсету – Қарағанды облыстық «Зекет және қайырымдылық қорының» қызметінің бір бағыты. Күн сайын кезекпен жүзеге асып жатқан қайырымдылық акциясын бұл жолы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға көрсетуді жөн санаған «Зекет» қоры қаладағы 5 отбасыға ыстық ас ауқат үлестірді.
Игі шараға «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша жауапты өкілі Мұхит Джаримбетов бастаған дін қызметкерлері қатысты. Қайырымдылық акциясы жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік етуімен жүзеге асты.
ihsan.kz
Пікірлер