ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ 3 БЛОК-БЕКЕТІНЕ ЫСТЫҚ АС ЖЕТКІЗІЛДІ (ФОТО)
Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық қорының» күн сайын ұйымдастырып жатқан қайырымдылық акциясы бұл жолы Қарағанды тас жолындағы үш бірдей блок бекеттеріндегі қызметкерлерге көрсетілді. Атап айтқанда, Қарағанды-Алматы, Қарағанды-Аягөз, Қарағанды-Павлодар тас жолындағы блок бекеттеріне түскі ас жеткізілді. Игі шараға «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша жауапты өкілі Мұхит Джаримбетов бастаған дін қызметкерлері қатысты. Қайырымдылық акциясы жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік етуімен жүзеге асты.
Қайырымдылық шарасы еліміздегі күрделі ахуал қалпына келгенше жалғасын табатын болады.
Ihsan.kz
Пікірлер