Жұмаділдә Елдос Қуандықұлы Теміртау қалалық Жақып Ақбай мешітіне имам болып тағайындалды. Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жиналған жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығын таныстырып, жаңадан қызметке тағайындалған Елдос Қуандықұлының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жамағат болып елдің амандығы мен мұсылмандардың ауызбіршілігі үшін дұға жасалды.⠀
⠀
Елдос Жұмаділдә 1992 жылы 30 тамызда Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2013-2017 жылдары Нұр-Мүбәрак Египет-Ислам мәдениеті университетінде исламтану мамандығы бойынша білім алған. 2017-2018 жылдары мемлекеттік коммуналдық мекемесінің діни оңалту бөлімінде теолог болып қызмет атқарған. 2018-2019 жылдары Қарағанды облысы «Әнет баба» орталық мешітінде наиб имам, 2019-2020 Теміртау қалалық Жақып Ақбай мешітінде имам қызметін атқарған. 2020-2021 жылдар аралығында әл-Әзһар университетінде ғалымдардан тәлім алған. 2022 жылдың ақпан айынан бастап Теміртау қалалық Жақып Ақбай мешітіне имам болып қайта қызметке кірісті.
Пікірлер