ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, «Жастар ісі» секторының жауапты өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы Абай ауданындағы бірнеше колледж студенттерімен кездесу өткізді.
Келелі кездесу барысында «Ихсан ілімі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, отаншылдық, шыншылдық, еңбекқорлық, діннің қоғамға деген әсері жайында айтты. Сондай-ақ, діни экстремизім тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш жиынға 20-дан астам оқушы қатысты. Олар дін қызметкеріне түрлі сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Айта кетейік, осы сынды кездесулер алдағы уақытта жалғасын табады.
ihsan.kz
Пікірлер