Тілдік нұсқа
Радио

Фото

НАУРЫЗ: «Дін мен дәстүр халық қазынасы»
18 наурыз, 2022 жыл 278 Басып шығару нұсқасы

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастауы саналатын ұлттық мейрамымыз. Осы игі мереке қарсаңында ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  «Дін мен дәстүр халық қазынасы» атты рухани шара болып өтті. Берекелі бас қосу  «Зекет  және қайырымдылық»  пен  «Уақып» қорының ұйымдастыруымен  жүзеге асты.

Шара барысында берекелі дастархан жайылып, мешіт ақсақалдары мен жамағаты бас қосты. Ұлық мейрамның құрметіне келген қонақтарға наурыз көже ұсынылып, ынтымақ пен бірлік, дін мен дәстүр турасында сұхбат өтті. Басқосу барысында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жамағатты халқымыздың төл мерекесімен құттықтап, ел мен жерге тыныштық пен бейбітшілік тілеп дұға жасады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары