ҚАРАҒАНДЫ: ҚАДІР ТҮНІНДЕ 4000 АДАМҒА СӘРЕСІ БЕРІЛДІ
Қасиетті қадір түнінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жамағатқа дастарханы жайылып, 4 мың адам Алла үйінде ауыз бекітті.
Сәресі дастарханын жаюға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық қорыны» , жергілікті кәсіпкер азаматтар атсалысты. Жамағатқа ас тарату, дастархан жаюға мешіттің сауат ашу курсы шәкірттерімен бірге ерікті жастар да жұмылдырылды. Жастар жанын салып қызмет етті.
Ihsan.kz
Пікірлер