Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешіті мен Жақып Ақбай атындағы қалалық мешітінде жамағатпен айт намазы оқылды. ⠀⠀
Теміртау қаласының имамдары Естай Айтуғанұлы мен Елдос Жұмаділда мешітке жиналған жамағатты исі мұсылман қауымның айтулы мерекесімен құттықтай келе Ораза айттың қадір-қасиеті жайында уағыз айтты. Артынша жамағатпен айт намазы оқылды. ⠀
⠀
Сондай-ақ, көпшілікпен дұға жасалып, ізгі тілектер айтылды. Мешітке келген ақсақалдар елге ақ батасын беріп, Теміртау жұртшылығы бірін-бірі мерекемен құттықтады.
Пікірлер