«Уақып» корпоративтік қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қаладағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тұрғындарына құрмет көрсетілді. Тағдыр теперішін көрген жандар «Әнет баба» мешітіне зиярат жасап, Жаратқан иемізден жарылқау тіледі. «Уақып» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлы сабыр мен шүкір турасында насихат айтып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Дастархан басынан дәм татқан қонақтарға, дәстүрді сабақтастырып жасы үлкендеріне шапан жабылды. Қонақжайлық ниетпен барлығына сыйлықтар тарту етілді.
ihsan.kz
Пікірлер