ҚМДБ-ның «Уақып» корпоративтік қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің иелігіне алғашқы саяжай рәсімделген болатын. Бөлімнің Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлының бастамасымен бүгінде саяжайдың айналасы күл – қоқыстан таратылып, егістікке жерді құнарландырды. Сондай – ақ, алғашқы жеміс ағаштары егілді. Қайырымдылық шарасына Қарағанды облыстық Әнет баба мешітінің жанынан ашылған Олдас Есенұлы атындағы қайырымдылық орталықтың шәкірттерді ат салысты. Саяжай ауласында қазан кайнатылып, берекелі дастархан жайылды. Ата – баба аруағыра Құран бағышталып, бата берілді. Игі іс демеуші азаматтаардың қолдауымен жүзеге асты.
ihsan.kz
Пікірлер