Қарағанды облысына қарасты Баймырза ауылының жамағатын қуанышқа бөлеген жағымды жаңалық орын алды. Аймақ тұрғындарының көптен күткен мешіт құрылысы басталып, Алла үйінің қазығы қағылды. Шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы және ауыл имамы Байдулат Нұрғалиев арнайы қатысты. Сондай-ақ, құрбандық шалынып, тасаттық жасау дәстүрі жүзеге асты. Содан кейін шариғат талаптарына сай Алла Тағаладан жауын тілеу намазы мен дұғасы оқылды. Мұсылман бауырларымыздың тілектері қабыл болып, биыл егілген тұқым бітік шығып, қамбамыз мол астыққа толсын! Диқандардың еңбегі жанып, ырыс-берекесі арта берсін!
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз хатшысы Назира Байназар
ihsan.kz
Пікірлер