1 маусым – халықаралық Балаларды қорғау күніне орай Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде КМҚК Облыстық балалар шипажайының Теміртау қаласындағы бөлімшесінде ем алып жатқан 40-қа жуық науқас бүлдіршіндерге арнайы дастархан жайылды.
Сондай-ақ, балаларға мерекелік көңіл күйді сезіндіру мақсатында арнайы әзірленген сыйлық қорапшалары тарту етілді.
Теміртау орталық мешітінің наиб имамы Әлімбек Дәулетбекұлы мекеме тәрбиешілерінің балаларды сауықтыру әрі тәрбие беру жолында атқарып жатқан еңбектеріне мешіті ұжымы атынан ризашылығын білдірді.
Пікірлер