МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ ИМАМДЫ ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешітінің имамы Аманбол қажы Рымқұлұлын мешіт жамағаты арнайы ризашылықтарын білдіріп, ақ тілек-баталарымен шығарып салды. Абай аудандық мешітіне арнайы келген Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Абай ауданында жауапты қызмет атқарып, бірқатар игі істерге себепші болған Аманбол имамға өкілдік атынан алғысын жеткізіп, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жапты. Өз кезегінде Абай ауданы әкімі Б.Қ.Асанов ауданның діни саласында беделді қызмет атқарған имамның елеулі еңбегін атап өтіп, құрмет грамотасын табыстады.
Ақ батасын арнай келген мешіттің ақсақалдар қауымы беріп, имамға жамағаттың алғыс лебізін жеткізіп, атқарған жұмыстарына дән ризашылықтарын білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер