Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жасаған сапары барысында Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Бейсембайұлымен кездесті.
ҚМДБ Төрағасы өңір басшысы Ерлан Бейсембайұлының қызметіне табыс тілеп, қасиетті Қарқаралы төрінде өткен Ғұламалар кеңесіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Өз кезегінде аудан әкімі Нұржан Бас мүфтиге аймақ тұрғындарының ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізіп, қашан да қолдау білдіріп, ел келешегі үшін маңызды жұмыстарды бірлесіп атқаруға дайын екенін жеткізді.
Басқосу соңында тараптар дін мен дәстүр сабақтастығы, асыл дініміздің беделін биіктету бағытында бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыратын болып уағдаласты.
ihsan.kz
Пікірлер