Қарағаны қаласындағы ірі азық-түлік сауда орындарының бірі NormaN, супермаркетінің кондитерлік өнімдері Халал Даму ЖШС-ның сертификатына өтуге арнайы құжат рәсімдеу үстінде. Осы орайда мекеменің өнімдері толық текерістен өтті. Яғни, 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша бақылаудан өтіп, өнімдері арнайы зертханаға жіберілді. Мекеме «Халал Даму» ЖШС-ның талаптарына сай қызмет жасауға ұсыныс білдіріп, құжаттар тапсырылды. Аталмыш мекеме Халал Даму ЖШС-ның сертификатын иеленген уақытта, арнайы хабарланып, ресіми түрде табысталатын болады.
ihsan.kz
Пікірлер