Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінде кезекті қайырымдылық іс-шарасы өтті. Аймақтағы жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға әр ай сайын көмектесу әдеттегі дәстүрге айналған. Сол үрдіс бойынша «Ізгілік қалсын әр ізде» қайырымдылық акциясы аясында тағыда 20 отбасына көмек жасалды.
Игі шара Балқаш қалалық мешітінің имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлының бастамасымен және мешіттің наиб имамдарының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
«Дінімізде, «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» деген сөз бар. Алланың разылығы үшін жан-жақты қызмет ету, білмегенге үйрету, адасқанға жол сілтеу және жоқтың көңілін тауып, жүзіне күлкі сыйлау әрбір мұсылманның міндеті болса керек-ті»-деп, сөзін түйіндеді наиб имам Айтқазин Рауан.
ihsan.kz
Пікірлер