ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІ республикалық Құран жарысынан іріктеу сайысы басталды. Аталған сайыс Құран Кәрімнің 10 парасын, 20 парасын, толық Құранды жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылды. Әуезді Құран оқуымен басталған жарысты «Әнет баба» мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлы жүргізуде. Құран жарысының іріктеу сайысының қазылары: Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Юсуф Шұғайұлы, «О.Есенұлы» атындағы қайырымдылық орталығының ұстазы Асқаров Тоқтар және қари Даукен Қайырбай.
Іріктеу сайысына Қарағанды облысы бойынша 20-ға жуық үміткер қатысып, бақ сынауда. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Пікірлер