ҚМДБ-ның «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдаулет Қыдырбайұлы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына арнайы жасалған іс-сапары барысында қала әкімінің орынбасары Есов Нариман Жумакожаевичпен кездесті. Келелі кездесу барысында қаладағы зиратқа арнайы бөлінген жерді «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалына өткізу жайлы келіссөздер жүргізілді. Алдағы уақытта құжаттары рәсімделіп, аймақтағы жаназа және жерлеу рәсімдері ресіми «Қамқор-Шарапат» орталығының талаптарына және шариғат ережелеріне сай өткізлетін болады.
Пікірлер