Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫ АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ СЫНЫҚТАН ӨТУДЕ (ФОТО)
03 қазан, 2022 жыл 692 Басып шығару нұсқасы

Діни басқарманың алдына қойған негізгі жұмыстарының бірегейі - имам-молдалардың сауатын жетілдіріп, оларды қайта сараптаудан өткізу арқылы діни қызметтің сапасын арттыру. Осы мақсатта бүгін ҚМДБ жанынан құрылған Сараптау комиссиясы Қарағанды облысына келіп, имам-молдаларды аттестациядан өткізуде. 

Аттестациялық сынаққа барлығы жүз жетпіске жуық имам қатысып, өз білімдерін сарапқа салмақ. Сынақ екі кезең бойынша өтуде. Сынақты имамдар автоматтандырылған режимде, яғни, компьютерге енгізілген бағдарлама арқылы тапсырады.

Бірінші кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, ислам тарихы, тұғырнама және тұжырымдама бойынша ауызша сынақ тапсырып, тақырыптар бойынша сауалдарға жауап беруде. Екінші кезең тест сұрақтарына құрылды. Бұл кезеңде имамдар ақида, фиқһ және әкімшілік жүйе (қолданыстағы заңнамалар) бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап береді.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың білім деңгейі мен біліктілігін арттыру мақсатында аттестациялау, тағайындау және ұсынудың жаңа тәртібін қалыптастырған болатын. Осылайша, мүфтияттың Ғұламалар кеңесі имамдарды аттестациялаудың өзіндік ережесін бекітті. 

Дін қызметкерлерінен сынақты ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі Сансызбай Шоқанов және Мешіт істері бөлімінің меңгерушісідін Марат Жаппасбаев  әр имамның діни сауаты мен қабілетін сарапқа салуда.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары