Қасиетті мәуліт мейрамының құрметіне орай бүгін Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдырахманов Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы болып өтті. Шаһардағы тұрмысы төмен 50 отбасыға қуаныш сыйлаған игі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді.
Мәуліт айы – қайырымдылық айы екенін тілге тиек еткен облыс бас имамы бүгінгі шараға оң бағасын беріп, жалғасты болуын тіледі.
Берекелі шара «Бірлік» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып жүзеге асып, елу отбасығы азық-түлікке толы қоржын үлестірілді.
Пікірлер