Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау жамағаты бас имамға көлік сыйлады
14 қазан, 2022 жыл 346 Басып шығару нұсқасы

Өткен жұмада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы қызметіне тағайындалған Естай Айтуғанұлына Теміртау жамағаты құрмет көрсетіп, шығарып салды.
 
Жұма мінберінде сөз сөйлеген облыс бас имамы Теміртау қаласында қызмет еткен жылдары атқарылған жұмыстарды халыққа баяндай келе, үнемі мешіт жанынан табылып, Алланың діні үшін қызмет ету жолында көрсетіп жүрген қолғабыстары мен қолдаулары үшін жамағатқа рахметін айтты.
 
Теміртау жамағаты қазақы салт-дәстүрмен бас имамның иығына шапан жауып, сый-сияпаттарын тарту етсе, маңдайынан сүйіп ақ батасын берген қариялар Естай Айтуғанұлының жаңа қызметіне сәттілік пен береке тіледі.
 
Сондай-ақ, Теміртау жамағаты жұмылып бас имамға су жаңа автокөліктің кілтін тарту етті. Алланы ұлықтап ұрандаған жамағаттың имамдарына құрмет пен қошемет көрсетуі жүректерді елжіретті. Облыс бас имамы да осы кезге дейін қолдау көрсетіп, демеп келген жамағатқа шексіз алғысы мен ризашылығын жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары