Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Әбдіғали әдеттегі басқару-бақылау жұмыстары бойынша Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітіне барып, арнайы зиярат етті.
Сонда қызмет етіп келе жатқан имам, ұсаздармен танысып, өзара сұхбат құрған облыс бас имамы біршама өзекті мәселелер төңірегінде сөз қозғады.
Құлшылық үйінің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, ұжым туралы мәлімет берген мешіттің бас имамы Ысқақ Рахымбекұлы шәкірттер тәрбиеленіп жатқанын да жеткізді.
Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы жан-жақты аралау барысында ғибадат үйінің көз қуантарлық тұстарын тілге тиек етіп, әсіресе, «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Пікірлер