Қарағанды облысына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының қолдауымен «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімімен таныстыру-үйрету дәрістерін өткізді.
«Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұны бойынша қысқаша шолу жасап, мәйітті жуындыру, кебіндеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталып өтті.
Сондай-ақ қуыршақ манекен арқылы мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетті. Мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіт әуретіне қарамау, ерді ер азамат, әйелді әйел кісінің, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сонымен қатар, діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды. Танымдық дәріске де қатысушылар тақырып аясында қосымша сауалдар қойып, өздеріне қажетті мағлұмат алды.
Пікірлер