ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы ҚМДБ-ның Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, күні кеше елордасы Астана қаласында ІІ республикалық мұсылман әйелдерінің «Әсем киім – әйел ажары» сән киім байқауы өткен болатын.
Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – әйел-қыздарға шариғат пен дәстүрімізге сай, қазіргі заман талабына орай орамал мен мұсылманша киім үлгілерін ұсыну.
Байқауда облыс-өңірден келген жиырмаға жуық дизайнердің ұсынған 200-ден астам мұсылманша киім үлгілері көрсетілді.
Осы игі шараға жоғары деңгейде дайындалып, байқауға ұлттық киімдерімізді ұсынған қатысушыларды бастап келген мешіт ұстазы Бас мүфтидің алғысына бөленді.
Пікірлер