Бұқар жырау ауданына ресми іс-сапармен келген Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде қызмет етіп келе жатқан имам Ибраев Тәубежан Кайратұлына 605-баспананың кілтін табыстады.
Игі шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілі Мирас Ерланұлы, аудан имамы Рүстем Мұратұлы және мешіт қызмкеткерлері мен ақсақалдар қатысты.
Облыс имамы өз кезегінде игі бастамаға атсалысып, жәрдем көрсеткен азаматтарға алғысын білдіріп, жергілікті имамдардың қызметіне сәттілік тіледі.
«Асыл дініміз үшін аянбай еңбек етіп келе жатырсыздар. Алла Тағала сіздер мен біздерді өз разылығы жолында пайдалансын. Еңбек еш уақытта елеусіз қалмақ емес. Имамдардың осылай баспаналы болуы жүректерімізге қуаныш ұялатады. Дін үшін алаңсыз қызмет етуді жазсын», деп сөзін қорытындылады Естай Айтуғанұлы.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер