Қарағанды облысына қарасты барлық қала, аудандарға сапар шегіп, аймақтардың діни ахуалымен танысып, елді мекендердің тыныс-тіршілігінен хабар алып жатқан Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы кезекті бақылау-басқару іс сапарын «Нұра» ауданында жалғастырды.
Қызметтік сапар барысында аудан имамы Ерлан Серікұлы аймақтың тыныс-тіршілігінен хабар беріп, дін қызметкерлерінің қызмет барысымен таныстырды.
Діни қызметкерлермен өткен арнайы жиында облыс бас имамы аймақта қызмет етіп жатқан имам, ұстаздармен сұхбат құрып, өңірге қарасты бірқатар мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Сонымен қатар, аймақтық мешіттің қысқы дайындық жұмыстары пысықталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер