Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Балқаш қаласына барды
17 қараша, 2022 жыл 475 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Балқаш қаласында болып, қалалық мешіттің қызметімен танысты. 

Сапар барысында  аймаққа қарасты мешіттердің имам, молдаларымен кездесу өткізді. Басқосуда Балқаш қаласының имамы Нұрболат Сейілханұлы соңғы уақытта атқарылып жатқан істерді баяндап, қалалық мешіт тарапынан жоспарланып отырған шаралармен таныстырды. 

Жиын барысында облыс бас имамы аймаққа қарасты барлық мешіттердің қызметінен хабар алып, имам, молдалармен танысты. Құлшылық үйінде жүріп жатқан уағыз-насихат, сауат ашу курстарының ұйымдастырылуы жайлы жұмыстар талқыланды. 

Жиын соңында облыс бас имамы діни басқарма тарапынан бекітілген барлық бағыт бойынша атқарылып жатқан шараларды одан әрі жандандыру туралы бірқатар тапсырмалар беріп, қала және ауыл молдаларына жауапты  міндеттер жүктеді. 

Сондай-ақ, қала имамы мешіт ғимаратында жүріп жатқан жөндеу жұмыстары мен асхана, «Қамқор-Шарапат» сынды халыққа қызмет көрсету жұмыстарымен таныстырып шықты. 
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары