Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Теміртау қаласына барған сапарында бақылау-басқару бағыты бойынша Жақып Ақбай атындағы қалалық мешітке арнайы ат басын бұрды.
Қазіргі уақытта тоқтаусыз жүріп келе жатқан құлшылық үйінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, Алланың үйін көркейтуге атсалысып жатқан арнайы мамандармен жолықты. Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінің бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы жұмыс процесімен таныстырып, соңғы кездері жасалған істердің барысын баяндады.
Айта кетсек, осы жылы Теміртау қалалық мешітінің күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын. Аталмыш игі бастама бүгінде облыс бас имамының тікелей қадағалауымен қарқынды жалғасу үстінде. Алла нәсіп етсе, бірнеше кешеннен тұратын құлшылық үйі толықтай жөдеуден өтіп, жамағат игілігіне берілмек.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер