Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Қарқаралы өңіріне барған сапарында Құнанбай қажы мешітінде өткен қайырымдылық шарасына қатысты.
«Қайырымдылық – қайырлы іс» тақырыбы аясында өткен игі шара барысында жергілікті жердегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж, көп балалы және аз қамтылған 20 отбасыға көмек көрсетіліп, азық-түлік толы қоржын үлестірілді.
Қарағанды облысының бас имамы шараға қатысқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға демеу беріп, қамкөңіл жандардың көңіліне үміт сыйлау мақсатында арнайы уағыз-насихат жасады. Артынша арнайы дайындалған қайырымдылық қоржындары жиналған жұртшылыққа үлестіріліп берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер