Қарқаралы ауданына арнайы іс-сапармен барған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы жергілікті өңірде салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты. Аудан имамы Митератбек Құбылайханов іргесі көтеріліп қойған құлшылық үйін жан-жақты аралатып, құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды.
Облыс имамы бастаған «Әнет баба» орталық мешітінің қызметкерлері қызу жүріп жатқан жұмысқа куә болды. Белгілі себептермен ұзақ уақыттан бері тұрғызылып жатқан құлшылық үйінің құрылысы аяқталатын күн де алыс емес.
Жергілікті ауыл жамағатына арналған шағын мешіт бес жүз адамға арналған. Алдағы жылы ғибадат орнының толықтай салынып бітуі жоспарланып отыр.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер