Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Балкен ана» мешітінде жамағатқа Мәуліт дастарханы жайылды
06 желтоқсан, 2022 жыл 614 Басып шығару нұсқасы

   Мұсылман жұртының сан ғасырдан бергі саналы ғұмырында рухани тірегі болған айтулы мерекесі – Мәуліт Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қатысуымен Ростовка елдімекеніндегі «Балкен ана» мешітінде аталып өтті.

Алдымен Бас имам Мәуліт кешіне жиналған көпшілікті мүбәрак мерекемен құттықтап, Мәуліттің маңызына тоқталды.

«Мәуліт айында Алланы мадақтап, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, өзгелерге жақсылық жасаудың сауабы теңдессіз. Құран оқып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірі мен өнегесі жайлы кітап оқудың да мұсылманға берері мол.  Алла Тағала елімізге, жерімізге берекетін жаудырып, халқымыздың кең пейілі мен ізгі ниетіне сай, бірлігімізге сызат түсірмей, жақсылығын нәсіп еткей», - деді бас имам.

Бұдан кейін Елордадан арнайы келген «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің  бас имамы, ұстаз Қалижан Заңқоев сөз алып, жиналған қауымды берекелі  мейрамман құттықтап, пайғамбар өмірінен сыр шертетін әсерлі уағыз-насихатымен бөлісті.

Артынша дүбірлі дода басталды. Ұлттық ойындар мен жарыстар оның ішінде, кір тасын көтеру, арқан тартыс ойындары арасында қызу тартыс өтті. Кіл жүйріктерге мешіт ұжымы марапаттау қағаздары мен бағалы сыйлықтар үлестірді.

Тағылымы мол жиын соңында «Балкен ана» мешітінің  имамы Саламат Анихарұлы игі шараны ұйымдастыруға атсалысқан дін қызметкерлері мен демеушілерге алғысын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары