ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында өткен кезекті сүбелі сұхбатқа көп жылдар дін саласында имамдық қызмет атқарған, халық арасында беделді зейнеткер Ыбырайтегі Мейрам қажы Қасымұлы қатысты.
Хакім Абайдың мұраларын ел арасында дәріптеп жүрген Мейрам қажы өз сөзін «Алланың, пайғамбардың жолындамыз, Ынтамызды бұзбастық иманымыз», деген хакімнің сөзімен бастады.
« XX-ғасырдың басында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірегейі Абайдың шығармаларында хадис пен сүннеттің орны айрықша білініп тұрады. Өзі өмір сүрген кезеңнің ішкі-сыртқы сырларын жете түсініп, имандылық пен инабаттылық жолына тәрбиелеуде Ислам дінінің мәні зор екенін жиі айтып отырған. Хакім өзінің қара сөздерінде аят, хадистерді молынан қолданып, осы қайнар көзден сусындатқан. "Құдайшылық сонда, қалпыңды (қалып-жүрек дегені) таза сақта. Құдай Тағала қалпыңа әрдайым қарайды. Кітаптың айтқаны осы», депнасихатын өрбіткен Мейрам қажы бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық болуды кеңінен түсіндіріп өтті. Сүбелі сұхбат соңы мешіттің қызметкерлерімен дәм үстінде пікір алмасумен жалғасты.
Пікірлер